Ақтау қаласы, 30 шағын аудан, 17 үй
8-701-355-51-33
Консультациялық пункт

Ағымдағы жылдың 22 наурыз күні  Маңғыстау облысы Ақтау қаласында Ұлттық киімді Гиннес рекордтар кітабына енгізу мақсатындағы «ВestFest Nauryz» шарасы өтті. Ұлттық киімі мен салт- дәстүрін әлемге таныту мақсатында  біздің ұжым фестивальға қатысып, өз үлесін қосты. Шараға 5000 адам қатысып Гиннес рекордтар кітабына енді.


Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні музыка жетекшісі Боранбаева Гүлбану Әділбайқызы балаларға «Аспаптар» тақырыбында ұйымдастырылған іс- әрекетін өткізді. Балаларға аспаптар туралы мағлұматтар беріп, аспаптармен ойнауды үйретті. Іс-әрекетте балалар сергіту сәтін жасап,ойындар ойнады.


Консультациялық пункттің жұмыс жоспары бойынша ағымдағы жылдың 6-шы ақпан күні ата-аналардың өтініші бойынша консультациялық көмек берілді. Логопед маманы бүгінгі таңда көп балаларда кездесетін «р» мен «л», «ш» мен  «с»   дыбыстарын дұрыс айта алмауы,балалардың сөйлеуін дамыту бойынша балалармен көптеген жұмыстар жүргізуде. Ата-аналардың сұрақтарына жауап,кеңес берді.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!

«Ай-Наз» бөбекжай-балабақшасында

2 жастан 6 жасқа дейінгі   балалары  мектепке дейінгі ұйымға бармайтын және

баратын ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған

ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс істейді.

Сіздерге:

1) (Instagram, Facebook, ) мессенджерлері, телефон арқылы

мамандардың консультацияларын;

2) Білім беру ұйымының сайтында мәтіндік консультациялар мен

бейнероликтерді, шеберлік сыныптарын;

3) Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бейне – ойындарды ұсынамыз.

Консультация алуға мына телефон арқылы жазылуға болады, 87025966382

Послание Президента
Государственные символы