Автор: denis
2025 жылдың қараша айының 17-18 күндері «Тәрбиелеу – білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
2025 жылдың қараша айының 17-18 күндері «Тәрбиелеу – білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарда шебер сыныптар мен ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті. Семинар тиісті деңгейде ұйымдастырылып, сапалы өтті.
«Күз кереметі» көрме, Колкабаева Гулзира Саламатовна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы әдіскері
«Р» дыбысы шебер сынып, Агибаева Жанар Сейдалиевна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы логопеді
«Сіз ғажапсыз» тренинг, Набиханова Алмагул Кулибековна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы психологі
«Қолдан жасалған аспаптар арқылы әуен әлеміне саяхат» шебер сынып, Боранбаева Гулбану Абилбаевна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы музыка жетекшісі

2025 жылдың 14 қараша күні балабақшамызда
2025 жылдың 14 қараша күні балабақшамызда «Құзыреттілік орталықтарда инновациялық оқыту технологияларының қолдану ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға «Оқу-әдістемелік оқу орталық» әдіскері Сәтиева Раушан Қуанышқызы және де қалалық мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты. Семинарда «Этно ойындар мен заманауи педагогикалық әдістердің синтезі: ұлттық тәрбие берудегі тиімді амалдар» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет (ересек топ)
«Құзыреттілік орталықты қалыптастыра отырып ойын арқылы танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет (МАД топ) өткізілді.
«Өзіндік құзыреттілікті арттыру арқылы педагогтардың шығармашылық қабілеттерін бағалау» тренинг өтті. Семинар жоғары деңгейде өтті.


2025 жылдың мамыр айының 28 күні бөбекжайымыздың мектепалды тобында
2025 жылдың мамыр айының 28 күні бөбекжайымыздың мектепалды тобында бүлдіршіндеріне қоштасу ертеңгіліктері өтті. Мерекеге кейіпкер келіп,балалармен ойындар ойнап,би билеп, ән шырқап, түрлі тапсырмаларды орындады. Ата-аналар да ертеңгілікке қатысып, бөбекжай ұжымына алғыс білдірді. Мереке тартымды жоғары деңгейде өтті.

30.05.2025ж. 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай
30.05.2025ж. 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері үшін жарқын әрі әсерлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың мейірімділік,достық, қуаныш сезіндіріп, мерекелік көңіл күймен қуануына жағдай жасау. Балалардың шығармашылық қабілетін,белсенділігін арттыру, өнерге деген қызығушылығын дамыту.

№ 5 Педагогикалық кеңес
2025 жылдың 30 мамыр күні бөбекжайымызда №5 педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің тақырыбы: «2024 – 2025 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын қорытындылау»
Мақсаты: Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі,өнімділігін анықтау.

Ағымдағы жылдың
Ағымдағы жылдың , мамыр айының 20-22 – ші күндері аралығында бөбекжайымызда барлық топтарда қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Барлық педагог жыл бойы балаларға үйретіп, жасалған жұмыстарын көрсетті.



9 мамыр
9 мамыр Жеңіс күніне 80 жыл толуына орай балабақша бүлдіршіндері ардагер Шырақбаев Сауытбай атамен кездесті. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек еткен тыл ардагері. Ардагер ата балаларға тілегін айтып, бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалады.


Баршаға қолжетімді сапалы білім
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі мекемелердің ұлттық құндылықтар негізінде құрылған «Аналар мектебі » 2025 жылдың мамыр айының 5-сі күні «Тәрбие басы — отбасы» аналарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде қатысушы аналар бала тәрбиесі жөнінде пікір алысып, өздерінің шығармашылықтарын балаларымен бірге көрсетіп бөбекжайымыз дипломға иеленді.

«Достығымыз жарасқан» мерекелік ертеңгілік
Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.






