Ақтау қаласы, 30 шағын аудан, 17 үй
8-701-355-51-33

Ақпарлама

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай Армысың,Әз Наурыз!» атты ертеңгіліктер өтті. Ертеңгілікте балаларға наурыз мерекесі туралы мағлұмат беріліп,ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге үйретілді. Қонаққа ата мен әже, Алдаркөсе келіп,балалар өз өнерлерін көрсетті.  Наурыз мерекесіне ән арнап,би биледі. Әже  «Бесікке салу» дәстүрін көрсетті.Ертеңгілікте түрлі қызықты сайыстар өткізіліп ата-аналар орындар мен марапаттарға ие болды. Ертеңгілік қызықты өтті.

Ақпарлама

2026 жылдың  наурыз айының 04-06 күндері  аралығында барлық топтарда 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай «Көктем-шуағын төккен» атты ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте балалар ән айтып, би билеп аналарына,әжелеріне арнап құттықтау өлеңдерін айтып өз өнерлерін ортаға салды. Балалар қолдан жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етті.Ертеңгілікке ата-аналар да қатысып,керемет әсер алып, балабақша ұжымына алғыстарын айтты.

Өрт-тілсіз жау

Бөбекжайымызда 2026 жылдың 4-ші ақпан күні «Өрт-тілсіз жау» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді. Ұйымдастырылған ашық іс-әрекетті  мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі А.А. Джандовлетова өткізді. Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері  туралы білімдерін қалыптастыру,қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру,өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру. Өрт сөндірушілердің еңбегін бағалай отырып, осы мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту.

Жаңа жылдың жарқырайды шамдары!

2025 жылдың  желтоқсан айының 23-24 күні жаңа жыл мерекесіне орай  ертеңгіліктер өтті. «Қошақан» кіші тобы «Кел жаңа жыл,жаңа жыл!», «Аяулым» ортаңғы тобы «Армысың жаңа жыл!», «Ақбөбек» ересек тобы «Жасыл шырша жанында», «Балдәурен» МАД тобында «Жаңа жылдың жарқырайды шамдары!» тақырында ертеңгіліктер жоғары деңгейде өтті. Ертеңгілікте балалар би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті.  Ертеңгілікке қонаққа Аяз ата мен Ақшақар , Қыс ханшайымы , ескі жыл мен жаңа жыл.

Қалалық семинар 14.11.2025ж

Республика бойынша балабақшамыздың аты 24KZ телеарнада аталды

М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблі «Ай -Наз » ұрмалы аспаптар оркестрімен бірге Құрманғазының «Адай» күйін орындады.

2025 жылдың қараша айының 17-18 күндері «Тәрбиелеу – білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

2025 жылдың қараша айының 17-18 күндері «Тәрбиелеу – білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарда шебер сыныптар мен ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті.  Семинар тиісті деңгейде ұйымдастырылып, сапалы өтті.

«Күз кереметі» көрме, Колкабаева Гулзира Саламатовна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы әдіскері

«Р» дыбысы шебер сынып, Агибаева Жанар Сейдалиевна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы логопеді

«Сіз ғажапсыз» тренинг, Набиханова Алмагул Кулибековна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы психологі

«Қолдан жасалған аспаптар арқылы әуен әлеміне саяхат» шебер сынып, Боранбаева Гулбану Абилбаевна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы музыка жетекшісі

2025 жылдың 14 қараша күні балабақшамызда 

2025 жылдың 14 қараша күні балабақшамызда  «Құзыреттілік орталықтарда инновациялық оқыту технологияларының қолдану ерекшеліктері» тақырыбында  қалалық семинар өткізілді. Семинарға «Оқу-әдістемелік оқу орталық» әдіскері Сәтиева Раушан Қуанышқызы және де қалалық мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты. Семинарда  «Этно ойындар мен заманауи педагогикалық әдістердің синтезі: ұлттық тәрбие берудегі тиімді амалдар» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет (ересек топ)

 «Құзыреттілік орталықты қалыптастыра отырып ойын арқылы танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет (МАД топ) өткізілді.

«Өзіндік құзыреттілікті арттыру арқылы  педагогтардың шығармашылық қабілеттерін  бағалау» тренинг өтті. Семинар жоғары деңгейде өтті.

2025 жылдың мамыр айының  28 күні бөбекжайымыздың мектепалды тобында 

2025 жылдың мамыр айының  28 күні бөбекжайымыздың мектепалды тобында  бүлдіршіндеріне қоштасу ертеңгіліктері өтті. Мерекеге кейіпкер келіп,балалармен ойындар ойнап,би билеп, ән шырқап, түрлі тапсырмаларды орындады. Ата-аналар да ертеңгілікке қатысып, бөбекжай ұжымына алғыс білдірді. Мереке тартымды жоғары деңгейде өтті.

Page 1 of 4
1 2 3 4
Послание Президента
Государственные символы