Балабақшамызда 12 сәуір Ғарышкерлер мерекесіне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқауға балабақшамыздың барлық топ тәрбиеленушілері белсене қатысып ,өз қиялдарындағы ғарыш әлемін түрлі түстермен бейнеледі. Нәтижесінде барлық қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.
Осындай шаралар арқылы бүлдіршіндеріміздің өнерге деген сүйіспеншілігі артып,жаңа жетістіктерге қадам басуда.