Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Ағымдағы жылдың сәуірдің 22 күні «Мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталықтың маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Семинар Ақтау қаласы ,№ 61 «Сұлтан» бөбекжайында өткізілді. Дөңгелек үстелге бөбекжайымыздың әдіскері Колкабаева Г.С мен музыка жетекшісі Боранбаева Г.А спикер ретінде қатысты.

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.
Балалардың сөздік қорларын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Ағымдағы жылдың 22 наурыз күні Маңғыстау облысы Ақтау қаласында Ұлттық киімді Гиннес рекордтар кітабына енгізу мақсатындағы «ВestFest Nauryz» шарасы өтті. Ұлттық киімі мен салт- дәстүрін әлемге таныту мақсатында біздің ұжым фестивальға қатысып, өз үлесін қосты. Шараға 5000 адам қатысып Гиннес рекордтар кітабына енді.

Ағымдағы жылдың 19-20 наурыз күндері Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Наурыз!» атты ертеңгіліктер өтті. Ертеңгілікте балаларға наурыз мерекесі туралы мағлұмат беріліп,ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге үйретілді. Қонаққа ата мен әже келіп ,балалар өз өнерлерін көрсетті. Наурыз мерекесіне ән арнап,би биледі. Әже «Бесікке салу» дәстүрін көрсетті. Ертеңгілік қызықты өтті.

22 наурыз мерекесі қарсаңында бөбекжайымыздың музыка жетекшісі Боранбаева Гулбану Әділбайқызы мен кішкентай бүлдіршіндері «Маңғыстау облыстық онкологиялық диспанцері» мекемесінде өздерінің өнерлерін көрсетіп «Алғыс хат» марапатына ие болды.

Ағымдағы жылдың 22 наурыз күні Маңғыстау облысы Ақтау қаласында Ұлттық киімді Гиннес рекордтар кітабына енгізу мақсатындағы «ВestFest Nauryz» шарасы өтті. Ұлттық киімі мен салт- дәстүрін әлемге таныту мақсатында біздің ұжым фестивальға қатысып, өз үлесін қосты. Шараға 5000 адам қатысып Гиннес рекордтар кітабына енді.

2025 жылдың наурыз айының 04-06 күндері аралығында барлық топтарда 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай «Аяулы анашым» атты ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте балалар ән айтып, би билеп аналарына арнап құттықтау өлеңдерін айтып өз өнерлерін ортаға салды. Ертеңгілікке ата-аналар да қатысып,керемет әсер алып, балабақша ұжымына алғыстарын айтты.

| № | Режимдік сәттер | Уақыты |
| 1 | Қабылдау, тексеріп-қабылдау, таңертеңгі жаттығу, үстел үсті, саусақ, дидактикалық ойындар | 8.00 – 8.30 |
| 2 | Таңғы асқа дайындық, таңғы ас
|
8.30 – 9.00 |
| 3 | Дербес әрекет, ҰІӘ дайындық
|
9.00 – 9.10 |
| 4 | ҰІӘ
|
9.10 — 10.55 |
| 5 | Серуенге дайындық, серуен
|
10.55 — 11.55 |
| 6 | Серуеннен оралу
|
11.55 – 12.10 |
| 7 | Түскі асқа дайындық, түскі ас
|
12.10 – 12.45 |
| 8 | Ұйқыға дайындық, ұйқы
|
12.50 – 14.50 |
| 9 | Біртіндеп тұру, ауа, су емшаралары
|
14.50 – 15.15 |
| 10 | Бесін ас
|
15.15 – 15.30 |
| 11 | Ойындар, дербес әрекет
|
15.30 — 16.10 |
| 12 | Серуенге дайындық, серуен
|
16.10 – 16.55 |
| 13 | Серуенге дайындық, серуен
|
16.55 — 17.10 |
| 14 | Кешкі ас
|
17.10 — 17.30 |
| 15 | Балалардың үйге қайтуы
|
17.30 — 18.30 |
2025 жылдың 15 ақпанында музыка жетекшісі Гүлбану Әділбайқызы және бөбекжай бүлдіршіндері Республикалық «Жұлдызды сәт» байқауынан Гран Приді жеңіп алды. Сонымен қатар Астана қаласында өтетін телеарналық байқауға тегін жолдама және Турция еліне тегін жолдамаға ие болды.
