Ақтау қаласы, 30 шағын аудан, 17 үй
8-701-355-51-33

Мақта қыз бен мысық

25 жылдың  ақпанның 19 күні  «Балдәурен» мектепалды тобының тірбиешісі Г.Б. Оңайшаева   «Мақта қыз бен мысық» атты ұйымдастырылған ашық іс-әрекетін өткізді. Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін бекіту, сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп,өз ойларын дұрыс жеткізу,баланың сөздік қорын дамыту,балаларды еңбекке,шығармашылыққа,татулыққа тірбиелеу.

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өте қызықты әрі тартымды өтті. Балалар өздері ертегіні айтып қана қоймай,ертегіні өздері сомдап,ертегі желісі бойынша сахналауды меңгерді. Ертекші әженің тапсырмасы мен шығармашылық жұмыстарын мүдірмей орындап шықты.

Спорт

2025 жылдың 7 ақпан күні Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында «Мен спортты сүйемін» атты отбасылық жарыс өтті. Мақсаты: Отбасы мен бөбекжай ынтымақтастығын нығайту, балаларды шапшаңдыққа, ептілікке  тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Бұл сайысқа 3 топ қатысты: «Тұлпар» «Қыран» «Алғыр».

Ата-аналар мен балалар түрлі тапсырмаларды орындап бір-бірімен сайысқа түсті.Сайыс өте қызықты өтті,жарысқа қатысқан ата-аналар орындармен марапатталды.

Өткізген тәрбиеші: Қайнарбай Н.Е

Тұз шахтасы

Балаларға арналған тұзды бөлме

Біздің бөбекжайымызда балаларға арналған тұзды бөлме бар. Бөбекжайымыздың балалары кестеге сәйкес аптасына 2 рет тұзды бөлмеге барады.

 Тұзды бөлме-табиғи тұзды үңгірдің баламасы. Оның емдік қасиеті бұрыннан белгілі.

Тұзды бөлмеде жиі болатын адамдар бронхит, жүрек аурулары, невроз, демікпе және аллергия сияқты аурулардан айығады. Сондай – ақ , тыныс жолдарын микробтардан қорғайды.

    Тұзды бөлменің тағы қандай  шипасы бар?

  • Ағзадағы зат алмасу жақсарады;
  • Созылмалы бронхит және бронх демікпесін емдейді;
  • Ағзаның әртүрлі ауруларға қарсы тұратын иммунитетті көтереді;
  • Тез арада стресс, неврозды емдейді;
  • Шаршағанды басады;
  • Түрлі аллергиядан айықтырады;
  • Тері ауруларына ем болады;

28.10.2024 ж «Өрт-тілсіз жау» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді.

Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын сонымен қатар зияны мен қорғану жолдарын түсіндіру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру.Балаларға оттан сақтанудың жолдарын,өрттің табиғатқа,адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып,сіріңке оттық т.б  қауіпті нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Өткізген тәрбиеші: Колкабаева Г.С

Сәлем Әлем!

Сайтқа қош келдіңіз. Бұл біздің сайттағы бірінші жазбамыз!

Page 4 of 4
1 2 3 4
Послание Президента
Государственные символы