2025 жылдың наурыз айының 04-06 күндері аралығында барлық топтарда 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай «Аяулы анашым» атты ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте балалар ән айтып, би билеп аналарына арнап құттықтау өлеңдерін айтып өз өнерлерін ортаға салды. Ертеңгілікке ата-аналар да қатысып,керемет әсер алып, балабақша ұжымына алғыстарын айтты.
