Ақтау қаласы, 30 шағын аудан, 17 үй
8-701-355-51-33

Қалалық семинар 14.11.2025ж

Республика бойынша балабақшамыздың аты 24KZ телеарнада аталды

М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблі «Ай -Наз » ұрмалы аспаптар оркестрімен бірге Құрманғазының «Адай» күйін орындады.

2025 жылдың қараша айының 17-18 күндері «Тәрбиелеу – білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

2025 жылдың қараша айының 17-18 күндері «Тәрбиелеу – білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарда шебер сыныптар мен ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті.  Семинар тиісті деңгейде ұйымдастырылып, сапалы өтті.

«Күз кереметі» көрме, Колкабаева Гулзира Саламатовна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы әдіскері

«Р» дыбысы шебер сынып, Агибаева Жанар Сейдалиевна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы логопеді

«Сіз ғажапсыз» тренинг, Набиханова Алмагул Кулибековна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы психологі

«Қолдан жасалған аспаптар арқылы әуен әлеміне саяхат» шебер сынып, Боранбаева Гулбану Абилбаевна, «Ай-Наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы музыка жетекшісі

2025 жылдың 14 қараша күні балабақшамызда 

2025 жылдың 14 қараша күні балабақшамызда  «Құзыреттілік орталықтарда инновациялық оқыту технологияларының қолдану ерекшеліктері» тақырыбында  қалалық семинар өткізілді. Семинарға «Оқу-әдістемелік оқу орталық» әдіскері Сәтиева Раушан Қуанышқызы және де қалалық мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты. Семинарда  «Этно ойындар мен заманауи педагогикалық әдістердің синтезі: ұлттық тәрбие берудегі тиімді амалдар» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет (ересек топ)

 «Құзыреттілік орталықты қалыптастыра отырып ойын арқылы танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет (МАД топ) өткізілді.

«Өзіндік құзыреттілікті арттыру арқылы  педагогтардың шығармашылық қабілеттерін  бағалау» тренинг өтті. Семинар жоғары деңгейде өтті.

2025 жылдың мамыр айының  28 күні бөбекжайымыздың мектепалды тобында 

2025 жылдың мамыр айының  28 күні бөбекжайымыздың мектепалды тобында  бүлдіршіндеріне қоштасу ертеңгіліктері өтті. Мерекеге кейіпкер келіп,балалармен ойындар ойнап,би билеп, ән шырқап, түрлі тапсырмаларды орындады. Ата-аналар да ертеңгілікке қатысып, бөбекжай ұжымына алғыс білдірді. Мереке тартымды жоғары деңгейде өтті.

30.05.2025ж. 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай

30.05.2025ж. 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері үшін жарқын әрі әсерлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балалардың  мейірімділік,достық, қуаныш сезіндіріп, мерекелік көңіл күймен қуануына жағдай жасау. Балалардың шығармашылық қабілетін,белсенділігін арттыру, өнерге деген қызығушылығын дамыту.

№ 5 Педагогикалық кеңес

2025 жылдың 30 мамыр күні бөбекжайымызда №5 педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің тақырыбы: «2024 – 2025 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын қорытындылау»

Мақсаты: Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі,өнімділігін анықтау.

Ағымдағы  жылдың

Ағымдағы  жылдың , мамыр айының  20-22 – ші күндері  аралығында бөбекжайымызда барлық топтарда қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Барлық педагог жыл бойы балаларға үйретіп, жасалған жұмыстарын көрсетті.

9 мамыр

9 мамыр Жеңіс күніне 80 жыл толуына орай балабақша бүлдіршіндері  ардагер Шырақбаев Сауытбай  атамен кездесті. 1941-1945 жылдары  Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек еткен тыл ардагері. Ардагер ата балаларға тілегін айтып, бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалады.

Page 1 of 3
1 2 3
Послание Президента
Государственные символы