Ақтау қаласы, 30 шағын аудан, 17 үй
8-701-355-51-33

Ғарышкерлер мерекесі

Балабақшамызда 12 сәуір Ғарышкерлер мерекесіне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқауға балабақшамыздың барлық топ тәрбиеленушілері белсене қатысып ,өз қиялдарындағы ғарыш әлемін түрлі түстермен бейнеледі. Нәтижесінде барлық қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.
Осындай шаралар арқылы бүлдіршіндеріміздің өнерге деген сүйіспеншілігі артып,жаңа жетістіктерге қадам басуда.

Үздік тәрбиеші — 2026

Ағымдағы жылдың Сәуірдің 28-і күні қалалық «Үздік тәрбиеші — 2026» байқауы өтті. Байқауға қаламыздың жекеменшік балабақша тәрбиешілері қатысты. Байқау төрт бөлімнен тұрды:
— Байқауға қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы – 3 минут.
— «Менің жаңашыл педагогикалық идеяларым» (презентация: заманауи жаңа форматта көрсетілім, панорамалық ұйымдастырылға іс-әрекет, жаңашыл көрнекіліктері) – 5 минут
— Ситуациялық сұрақ-жауап.
— Үй тапсырмасы: «Өнерлі жас маман» (ән, би, монолог, пародия, сатира, сахналанған көрініс).
Байқауға қатысушылар І, ІІ, ІІІ және номинацияларға иеленді.
Осы бөлімдердің барлығынан сүрінбей өткен біздің балабақшамыздың тәрбиешісі Боранбаева Гулбану Адилбаевна 1 орынға иеленді.

Спорт сайыс

2026 жылдың 3 сәуір күні балабақша ішілік «Әкем, анам және мен» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: Балаларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты,денсаулығы зор,күшті болу үшін денені шынықтыру,оларға спортпен айналысудың қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмңр салтын ұстануға тәрбиелеу. Сайыс 6 турдан тұрады.
1. «Менің отбасым»
2. «Қапшық»
3. «Кедергілер»
4. «Көпсайыс»
5. «Арқан»
6. «Ана мен бала байланысы»
Сайысты дене тәрбиесі жетекшісі Н.Е.Қайнарбайқызы өткізді. Сайысқа 3 отбасы қатысып, 12,2,3 орындарға иеленіп,дипломдармен марапатталды.

 

Ұлттық құндылық

2026 жыл наурыздың 31-і күні «Алтын сақа» жекеменшік балабақшасында «Ұлттық тәрбие» ұлттық құндылықтар бағыты

«Ұлттық ойындарды ұйымдастыру технологиясы» шебер сынып өткізілді. Шебер сыныптың мақсаты:Тәрбиешілерге қазақтың ұлттық ойындарын балабақша тәжірибесінде тиімді қолдану жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу.

Бұл шебер сыныпқа  балабақшамыздың тәрбиешісі спикер Таласбаева Джумагуль Буркичбаевна қатысып «Шертпек» ұлттық ойынын көрсетті. Қатысқан барлық педагогтерге сертификат берілді.

Ақпарлама

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай Армысың,Әз Наурыз!» атты ертеңгіліктер өтті. Ертеңгілікте балаларға наурыз мерекесі туралы мағлұмат беріліп,ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге үйретілді. Қонаққа ата мен әже, Алдаркөсе келіп,балалар өз өнерлерін көрсетті.  Наурыз мерекесіне ән арнап,би биледі. Әже  «Бесікке салу» дәстүрін көрсетті.Ертеңгілікте түрлі қызықты сайыстар өткізіліп ата-аналар орындар мен марапаттарға ие болды. Ертеңгілік қызықты өтті.

Ақпарлама

2026 жылдың  наурыз айының 04-06 күндері  аралығында барлық топтарда 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай «Көктем-шуағын төккен» атты ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте балалар ән айтып, би билеп аналарына,әжелеріне арнап құттықтау өлеңдерін айтып өз өнерлерін ортаға салды. Балалар қолдан жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етті.Ертеңгілікке ата-аналар да қатысып,керемет әсер алып, балабақша ұжымына алғыстарын айтты.

Өрт-тілсіз жау

Бөбекжайымызда 2026 жылдың 4-ші ақпан күні «Өрт-тілсіз жау» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді. Ұйымдастырылған ашық іс-әрекетті  мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі А.А. Джандовлетова өткізді. Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері  туралы білімдерін қалыптастыру,қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру,өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру. Өрт сөндірушілердің еңбегін бағалай отырып, осы мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту.

Жаңа жылдың жарқырайды шамдары!

2025 жылдың  желтоқсан айының 23-24 күні жаңа жыл мерекесіне орай  ертеңгіліктер өтті. «Қошақан» кіші тобы «Кел жаңа жыл,жаңа жыл!», «Аяулым» ортаңғы тобы «Армысың жаңа жыл!», «Ақбөбек» ересек тобы «Жасыл шырша жанында», «Балдәурен» МАД тобында «Жаңа жылдың жарқырайды шамдары!» тақырында ертеңгіліктер жоғары деңгейде өтті. Ертеңгілікте балалар би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті.  Ертеңгілікке қонаққа Аяз ата мен Ақшақар , Қыс ханшайымы , ескі жыл мен жаңа жыл.

Қалалық семинар 14.11.2025ж

Республика бойынша балабақшамыздың аты 24KZ телеарнада аталды

Page 1 of 4
1 2 3 4
Послание Президента
Государственные символы